Ойланып көріңдер! Бұл постты жамандау үшін емес,аз да болса,ой салар! "91 тобын жақтаушылар Сіздерге қояр сауал бар. Қазақ жігіттері кеше кім болып еді?! Бүгін кім болды?! Соңғы уақытта иглз, педик, гей, хейтер сынды ала шұбар сөздер көбейіп кетті. Неге? Себебі қыздардың көпшілігі, қыздар қала берсе кей жігіттердің өзі осы топты жақтайды. Кореядан келген бұл өнер ме, әлде масқаралық па?! Не сұмдық мынау?! Жігіттер боянып, опа- далап жағып, сырға тағады деген нағыз оңбағандардың ісі ғой. Жақсы әншілердің барлығы боянады, оған қарсы айтар уәжім жоқ. Бірақ, соншалық шаштарын көкке, сарыға, қызылға және ең сорақысы жап-жас болып шашын аққа бояуы. Түсініксіз жайт. Кей адамдар айтады:"91 тобында ала алмаған қандай өшің бар? Неменеге оларға тиісе бересіңдер?! Олар қазақ тілін әлемге үйретіп, қазақты танытып жатыр ғой. Олардың айтар әндері қазақша. Сондықтан олар қазақ. Сондықтан оларға қарсы пікір жазғанша үйде тыныш отырыңдар!"-дейді. Оларға қарсы жауабым:"91де ала алмаған өшім. Олар қазақ елін әлемге танытып жатқан жоқ, керісінше масқаралап жатыр. "Қазақ тілін үйретіп, қазақты әлемге танытып жатыр"-деп тағы да соғасыңдар. Айналайындар-ау қазақты әлдеқашан Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев сынды ұлы тұлғалар әлемге әлдеқашан өз заманында өз туындыларымен танытып қойған. Қазірде, оларға арнап әлемнің әр түкпірінде мұражайлар мен ескерткіштер орналасқан. Сондықтан, "қазақты әлемге танытып жатыр"-деген бос сандырақтарыңды доғарғандарың жөн. Бұл әлемге таныту емес, бұл қазақты әлемге масқаралау. Кореядан келген сайтани, массондық іс-қимылдар мен белгілерден құралған ұрпақты адастырып әкетіп жатқан сайтани топ. Оларды біреу: "Корея, қытай"-деп атап па еді! Өз-өздеріңізбен бүйректен сыйрақ шығарып отырсыздар ғой." Басқасы басқа, қазақ жігіттерінің халі осыншама төмендеп кеткені өкінішті. Әр зат атына сай болуы керек. Адамда солай. Ал, мына топ ше? Аты тәптәуір 91 деген аты бар, оны "ninety one"-деп тағы ала шұбар етіп жатыр. Бүйтіп егемендік алған жылымызды осынша қорлағаны мені қынжылтады. Сол 91жылғы жалындап тұрған жастар, қазақ үшін не істемеді. Аямай сабап жатса да, "орыс адамы қазақтарды басқармасын"-деген сөзінен таймады ғой. Сол, уақыттағы қазақ жігіттері қазақ қызын қорғау үшін өмірінде қиды ғой, сол бір өлімге. Осы 25 жылдың ішінде нар тұлғалы жігіттер бүгінде мода қуған есалаңдарға айналды. Тағы, 25 жыл өткенде қазақ жігіттері қандай халде болар екен. Алдағы 25 жылдың ішінде осы мода қуған жігіттер бұрым өсіріп жүрсе таң қалмас едім. Неліктен қазақ жігіттері осынша ұсақталып, шет елге қызығып жатыр?! Тәп-тәуір стильдер өзіміздің Қазақстанда да жетіп жатыр ғой!!! "Сахнаға жаңа өнер туындысын әкелдік"- деп тағы көкірек кереді! Айналайындар-ау ол стильді сендер өздерің шығарған жоқсыңдар. Жәй ғана ұрладыңдар ғой! Қыздар сіздерге айтарым 91 тобына қазақ сахнасында көп жүрмес. Әлі-ақ ақылы көп өнер жолындағы ағаларымыз бір күні сахнадан қуады. Сол кезде іштерің күйіп жүрмесін!!! Ескерту сіздерге! Өйткені, ескерту- мүміндерге пайда әкеледі. 91тобына жақтасып Ібілістің (Лағнет атсын) сарбазына айналмаңыздар!!!! (Әрине барлығы емес. Кей қазақ жігіттері (91тобын қолдаушылар) мен қазақ қыздарына. Сөзім өз иесін табар)"-тағыда айтарым ойланайық достар!

Теги других блогов: музыка казахстан 91 тобы